Алматы облысында балалар үйінің тәрбиеленушілері балаларды таяқпен ұрып келген

325

Фото: видеодан скриншотАлматы облысының полиция департаменті балалар үйінің тәрбиеленушілерін ұрып-соққандарға қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Полиция өкілдері 27 тамыз күні Іле ауданының қорғаншылық және қамқоршылық органдарына отбасы үлгісіндегі балалар үйі тәрбиеленушілерінің ұрып-соғылғандығы жайында ақпарат келіп түскенін мәлімдеді.

"Аталған сигнал бойынша ювеналды полиция қызметкерлері аудан әкімдігінің мамандарымен бірлесіп тиісті тексеру жұмыстарын ұйымдастырды. Тәрбиеленушілер біраз уақытқа “Солнышко” балалар үйіне тапсырылды.  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабында (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) көзделген факті бойынша жиналған материал соттың қарауына жіберілді", – делінген хабарламада. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.