Спорттық разрядтар мен санаттар беру тәртібі
Қазіргі таңда Қызылорда қаласының дене тәрбесі, спорт және туризм бөліміне 2024 жылдың бүгінгі күні 100 өтініш келіп түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.
Спорттық разрядтары мен санаттарын беру мемлекеттік қызмет түрін 10 (он күн) күнтізбелік күн ішінде тегін негізде алуға болады.
ХҚКО-ға көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі: «2 разряд спортшысы», «3 разряд спортшысы», «1 жасөспірімдік разряд спортшысы», «2 жасөспірімдік разряд спортшысы», «3 жасөспірімдік разряд спортшысы» спорттық разрядтарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі); бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен расталған қолдаухаты; спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған облыстық және қалалық жарыстар, спорт түрі бойынша облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған аудандық жарыстар хаттамаларының көшірмелері; көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат; 2) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы» санаттарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі; жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушының спортшыларды дайындауы туралы анықтама («Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы» санатын беруді қоспағанда); спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған, спорт түрі бойынша облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері («Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы» санатын беруді қоспағанда); көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат; 3) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты әдіскер», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты әдіскер» санаттарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі; жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама; көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат; 4) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты нұсқаушыспортшы» санатын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; білімі туралы дипломның көшірмесі; жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама; спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған, облыстық федерация болмаған жағдайда нұсқаушы - спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен расталған санат беру туралы қолдаухат; көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат; 5) «Спорт төрешісі» төреші санатын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін: жеке басын куәландыратын құжат; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.