Қазақстанда адам саудасымен айналысқандардың миллиардық табысы әшкере болды

2 472

Фото: Polisia.kzАстана қаласында және Солтүстік Қазақстан облысында адам саудасына байланысты қылмыстарға қатысы бар екі қылмыстық топтың әрекеті әшкере болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Күдіктілер интернет ресурстарды ұдайы пайдаланып, жыныстық сипаттағы заңсыз қызмет түрлерін жарнамалап отырған. Олардың әрекеті ұйымдасқан сипатқа ие болып, миллиардтаған пайда тапқан. Алдын ала деректер бойынша қылмыстық топтың күнделікті табысы 1,5 млн теңгеге дейін жеткен, ал 2024 жылдың басынан бергі қаржы айналымы 1,7 млрд теңгеден асады.

"Тінту барысында ақша, банк карталары, көліктер, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық ақпарат тасымалдағыштар тәркіленді. Негізгі фигуранттар мен олардың сыбайластарына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Бұл деректер бойынша Қылмыстық кодекстің адам саудасы мен ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған қатысу баптары бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұл қылмыстар үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.