31 жастағы ер азамат өз анасын ұрып тастаған

315

Ақмола облысының Аршалы ауданында 31 жастағы ер адам өзінің 71 жастағы анасын ұрып тастаған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Фото: pixabay.com22 тамызда аудандық аурухана қызметкерлері полиция бөліміне қабылдау бөліміне егде жастағы әйелдің жүгінгені туралы мәлімдеген. Зейнеткерге төбе аймағының соғылған жарақаты, оң жақтағы 9,10-қабырғалардың жабық сынуы диагнозы қойылған. 

Тергеу кезінде зейнеткердің 31 жастағы ұлы отбасылық жанжал кезінде анасын соққыға жыққаны анықталған. 

Аршалы аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 107-бабы, 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.