Үйленген жігіт 13 жастағы қызды кездесуге шақырған

1 504

Фото: Видеодан скринБалалардың қауіпсіздігіне арналған акция аясында «Жаңа адамдар» белсенділері әлеуметтік желіде ойдан шығарылған 13 жастағы қыздың атынан парақша ашқан,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Белсенділердің айтуынша, ер адамдардың бірі виртуалды «қызға» әдепсіз сипаттағы хабарламалар мен материалдар жіберіп, интимдік сипаттағы әрекеттерді ұсынған. Сондай-ақ кездесуге шақырып, олардың жазысқанын ешкімге айтпауды талап еткен. Хат алмасу барысында ер адамның әңгімелесушісінің 13 жаста екенін білгені байқалған.

Кездесуге белгіленген уақытта 27 жастағы ер адам келген. Алайда оның алдынан кәмелетке толмаған қыздың орнына белсенділер шыққан.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері де шақырылған. Белсенділер ер адаммен болған хат алмасуды және жинақталған материалдарды құқық қорғау органдарына тапсырған.

Қазір аталған жайт бойынша тиісті тексеру жүргізіліп, ер адамның әрекетіне құқықтық баға берілмек.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.