Алматыда пәтер жалдау құны 400-900 мың теңгеге дейін жетті

324

Фото: Скриншот Крыша.кзАлматыда шетелдіктердің көптеп келуіне байланысты пәтер жалдау құны шарықтап кетті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


krisha.kz сайтына жүктелген жарнамаларға назар аударсақ, 1 бөлмелі пәтердің орташа жалдау құны – 400 мың, 3 бөлмелі  800 мың, 4бөлмелі 900 мың теңгенің шамасында. Ал элиталық тұрғын үй кешеніндегі баға 1 миллион теңгеден жоғары.

Мәселен, Алмалы ауданындағы бас-аяғы 49 шаршы метр болатын мына пәтердің жалдау ақысы  450 мың теңге. Айта кетерлігі, бұл  4 қабатты ескі үйлер. Үй иесі сұраныс көп, сондықтан бағаны көтердім деп отыр. Ал сұраныстың артуына ресейліктердің ағылып келуі себеп екенін алға тартты.

«Қазір Алматы, Астана қалаларында пәтерге сұраныс өте көп. Пәтерді жалға берумен бірнеше қалаларда айналысамын. Өзім де пәтер  жалдап тұрамын. Астанада екі бөлмелі пәтер 500 мың теңгеге, Алматыда осы үйді 450 мың теңгеге беремін деп шештім. Жарнаманы бүгін салдым. Таңертеңгі бағаларға қарап мен де осындай бағаны қойдым. Бағаның өсуіне, әрине Ресейден келіп жатқандар түрткі болды», дейді үй иесі.



Үй иесі «жеңілдік жасайсыз ба?» деген сауалға «450 мың теңгенің ішіне коммуналдық төлемді қосуға болады, бірақ бағаны түсірмеймін» деп жауап берді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.