Тәрбиешінің мүгедектігі бар баланы ұрып-соққан сәті видеоға түсіп қалды

1 665

Фото: видеодан скриншотӘлеуметтік желіде тәрбиешінің өз қарауындағы баланы ұрып-соғып жатқан бейнежазбасы тарады. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Видеодан тәрбиешінің баланы бірнеше рет жұлқып, басынан ұрған сәттері анық көрінеді.

Полицияның мәліметінше, бұл жағдай 2024 жылы болған. Алайда бейнежазба туралы ақпарат құқық қорғау органдарына тек биылғы 25 қыркүйекте жеткен.

“Тәрбиешінің екінші топтағы мүгедектігі бар балаға күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаға қатысы бар адамдар мен куәгерлерден жауап алынуда”, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.