Дәстүрлі форматқа ауысатын Алматы мектептері қандай жағдайда қайта жабылуы мүмкін

282
Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделене түссе, мектептер онлайн білім беру жүйесіне көшірілу мүмкін. Бұл туралы Жандарбек Бекшин айтты.

"Егер сыныпта коронавирус жұқтырған оқушы анықталатын болса, онда оқушылар онлайн режимге ауыстырылады. Егер оқушылар мен мұғалімдердің 20 пайызы вирус жұқтырса карантин емес, мектеп толығымен жабылады. Оқушылардың жартысы оқып, жартысы оқымаса карантин болады", – дейді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол созылмалы ауруы бар оқушылар қалай оқитынын түсіндірді.

"Ата-аналардан өтініштер келіп түсіп жатыр. Олар созылмалы аурумен ауыратын балаларын онлайн білім беруге ауыстыруды сұрайды. Көптеген ата-ана осындай өтініш жазады. Егер бұл медициналық құжаттармен расталса, бала үйден оқуға ауыстырылады. Сонымен қатар, егер сыныпта науқас адам табылса, инфекцияның тұтастай таралмауы үшін барлық сынып онлайнға форматқа көшеді", – дейді Алматының бас санитарлық дәрігері.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.