Қайта екпе салу жұмыстары жүргізілуде

343
Екі жылдан бері әлем індетпен тоқтаусыз күресіп келеді. Коронавирус індетінің уақыт өткен сайын мутацияға ұшырап, түрлі штамның таралуы да қауіп тудыруда. Ал одан сақтану жолы тек вакцина алу. Осыған орай ЗК-169/4 мекемесінің жеке құрамның 20-дан астам қызметкері екпенің үшінші компонентін салдыртып жатыр - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Вакцина егу алдында қызметкерлер дәрігердің қабылдауында болып, екпенің артықшылықтары мен әсері туралы  түсіндірме жүргізілді. Сонымен қатар барлығы алдын-ала медициналық тексеруден өтуде. 
Мекеменің бақылаушылар қызметі  бөлімінің бастығы  әділет майоры  Жандос Абдикайыров  бұған дейін екпенің бірінші және екінші компонентін алған.  Ол жергілікті тіркелген мекен-жайы бойынша емханаға барып, екпенің үшінші компонентін де салғызды.


- Коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында салынатын вакцинаны  алу әрбір адамның міндеті деп есептеймін. Өйткені екпе алдыру арқылы өзіңді де, өзгелерді де қорғайсың. Ешқандай жанама әсерлер бойымда байқалған жоқ,- деді әділет майоры Ж.Абдикайыров