Қызылордада жыл соңына дейін 5 елді мекен табиғи газға қосылады
Қызылорда облысының газдандыру деңгейі 75 пайызды құрады. Бұл бағытта 24 жобаға республикалық және облыстық бюджеттен және «Самұрық-Қазына» АҚ тарапынан қаржы бөлінген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Брифинг барысында облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин жаңа электр орталығың жұмыс барысын баяндады.
Айта кетейік, келесі жылы Шижаға, Ақтан батыр, Дүр Оңғар, Шаған, Н.Ильясов, Ортақшыл, Баймұрат, Талдыарал, Сабалақ ауылдарын табиғи газға қосу жоспарлануда.
Басқарма басшысының айтуынша электр орталығындағы негізгі қондырғыларды дайындауға шетелдік компанияларға тапсырыс беріліп, бүгінде газотурбиналық қондырғылар мен жылу қазандығы құрылыс алаңына жеткізілген. Жаңа жылу электр орталығы облыс аумағын электр энергиясының қажеттілігін толығымен қамтып, артылғанын басқа өңірлерге жіберуге мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, бюджет есебінен жылу электр орталығын газбен қамтамасыз ету жобасы іске асырылуда. Бүгінгі күнге жұмыстар 80 пайызға орындалды.
Аймақ тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен қамту үлесі 98,4 пайызды құрайды. Облыс аумағында 4 қала және 230 ауылдық елді мекен бар. Барлық қалалар 100 пайыз ауыз сумен қамтылған. Бұл туралы баспасөз алаңында айтылды. Жыл басынан атқарылған жұмыстарын баяндаған облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин 26 елді мекенді 2025 жылдың соңына дейін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында жол картасы әзірленгенін айтты.