Жеңіл көлік теміржолға шығып кетіп, пойызбен соқтығысты

1 516

Фото: ҚТЖҚыркүйектің 17-сіне қараған түні сағат 00:54-те Ақәдір – Қарағанды учаскесінде (Жарық – Дария аралығы) жолаушылар пойызы теміржолға шығып кеткен Mazda жеңіл автокөлігімен соқтығысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Пойыздың жылдамдығы 92 км/сағ болған. Машинист тежегішті шұғыл қолданғанымен, соқтығысудың алдын ала алмады. Нәтижесінде көлік жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтады және барлық жол қозғалысына қатысушыларды теміржол өткелдерінен өту ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Тәуекел деңгейі арта түсетін түнгі уақытта ерекше мұқият болу қажет», – делінге ҚТЖ хабарламасында.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.