ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ДЗЮДОДАН ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
173
Бүгін аудан орталығындағы денешынықтыру және сауықтыру кешенінде ІІІ Интернационал ауылындағы "Достық Жер МК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүлдесін сарапқа салуда дзюдодан 2010-2011, 2012-2013 және 2014-2015 туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында 2-ші республикалық дәстүрлі жарыстың алғашқы күні өткізілді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Еліміздің әр аймағынан өз салмақ дәрежелері бойынша мықты деп танылған, Астана,Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Түркістан, Жаңаөзен, Шымкент, Орал және Қызылорда қалаларымен бірге Сырдария, Жалағаш, сонымен қатар ауданымыздың 15,16 және Жалын спорт клубынан 835 жас татами шеберлері қатысқан жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев, "Достык Жер МК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Ерболат Әбенов ауданда спорт саласы бойынша атқарылып жатқан іргелі істер жайына тоқталды.
Атап айтқанда биыл аудан орталығы Жосалы кенті мен Ақай ауылында өңірімізде спорт саласын, бұқаралық спортты дамыту, тұрғындар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында денешынықтыру және спорт кешендері салынып жатқанын және ауданда бірнеше балалар ойыны мен спорт алаңдары салынып, ел игілігіне пайдалануға берілгенін баяндай келе, жас татами шеберлерін киелі Қармакшы елінде өтіп жатқан спорттық мерекемен құттықтап, өнерлеріне сәттілік тіледі.
Шара барысында татамиге шыққан жас дзюдошылар өзара салмақ дәрежесінде белдесу өткізіп, көрермен қауымға тартысты да қызықты сәттерді сыйлады.
"Достық Жер МК" ЖШС-і мен аудандық спорт және денешынықтыру бөлімінің ұйытқы болуымен өткізілген сайыс биыл 2-ші рет өз жалауын желбіреткелі отыр.
Екі күнге жоспарланған сайыс 26 қараша күні ақтық ойындар кезеңін қорытындылайды.