Шетелдіктер үшін ЖСН алу жеңілдейді

1 505

Фото:© Ашық дереккөзШетел азаматтарына арналған көші-қон қызметтерін цифрландыру жұмыстары жалғасып жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

 Енді олар жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) және басқа да мемлекеттік қызметтерді жаңа мобильді қосымша арқылы ала алады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.

Қазір еліміздің әуежайлары мен ірі өткізу бекеттерінде шетелдіктерге QR-коды бар туристік карталар таратылып жатыр. Онда Қазақстанда болу ережелері, төтенше жағдай қызметтері мен ұялы байланыс операторлары туралы маңызды ақпарат қамтылған. Өткен жылы шамамен 80 мың шетелдік Қазақстанға ем алу үшін келген Көші-қон процестерін одан әрі цифрландыру мақсатында QazETA мобильді қосымшасы әзірленіп жатыр. Жаңа сервис арқылы шетел азаматтары бірқатар мемлекеттік қызметті онлайн форматта пайдаланып, соның ішінде ЖСН рәсімдей алады - Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.

Министрдің айтуынша, жаңа цифрлық қызметтерді іске қосу үшін қажетті заңнамалық түзетулер пакеті қазір Сенатта қаралып жатыр.  QazETA – шетелдіктерге көші-қон және оған қатысты қызметтерді ыңғайлы, ашық әрі қауіпсіз түрде ұсынуға арналған «бір терезе» қағидаты бойынша құрылған мемлекеттік цифрлық платформа.