Ажар Ғиният арбадағы азаматты жұмысқа алды

298

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният  үшінші мегаполистегі азаматқа  көмекші қызметін ұсынды деп хабарлайды turkystan.kz Otyrar.kzке сілтеме жасап.

Ажар Ғиният
Алмас Уткуров Ажар Ғиниятқа мүгедектерді емдеуге және тексеруге назар аударуын сұраған. Алмастың айтуынша, Қазақстанда мүгедектерге көп көңіл бөлінбейді. Министрді жігіттің әңгімесі таңғалдырғаны сондай, оған  көмекшісі болуды ұсынды. Енді ол елдің бас дәрігеріне көмектеседі.

«Құрметті Алмас, мен сіздің сұрағыңызды жеке бақылауыма аламын. Сіздің шынайы екеніңізді көріп отырмын, менің көмекшім болуды ұсынамын. Тіпті, осы жерде, Шымкентте де онлайн жұмыс істейтін боламыз», – деді Ажар Ғиният.

Арбадағы азамат ұсынысты қабылдап, көптеген мәселені тезірек шешуге болады деп үміттенетінін айтты.

«Министр маған сенім білдірді. Мен онымен жұмыс істеуге келісемін», – деді Алмас Уткуров.

Ол 2016 жылы жол апатынан кейін мүгедектер арбасына таңылған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.