Ажар Ғиният арбадағы азаматты жұмысқа алды

299

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният  үшінші мегаполистегі азаматқа  көмекші қызметін ұсынды деп хабарлайды turkystan.kz Otyrar.kz–ке сілтеме жасап.

Ажар Ғиният
Алмас Уткуров Ажар Ғиниятқа мүгедектерді емдеуге және тексеруге назар аударуын сұраған. Алмастың айтуынша, Қазақстанда мүгедектерге көп көңіл бөлінбейді. Министрді жігіттің әңгімесі таңғалдырғаны сондай, оған  көмекшісі болуды ұсынды. Енді ол елдің бас дәрігеріне көмектеседі.

«Құрметті Алмас, мен сіздің сұрағыңызды жеке бақылауыма аламын. Сіздің шынайы екеніңізді көріп отырмын, менің көмекшім болуды ұсынамын. Тіпті, осы жерде, Шымкентте де онлайн жұмыс істейтін боламыз», – деді Ажар Ғиният.

Арбадағы азамат ұсынысты қабылдап, көптеген мәселені тезірек шешуге болады деп үміттенетінін айтты.

«Министр маған сенім білдірді. Мен онымен жұмыс істеуге келісемін», – деді Алмас Уткуров.

Ол 2016 жылы жол апатынан кейін мүгедектер арбасына таңылған.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.