Қызылорда облысында салмағы бес келіден асатын сәби дүниеге келді
328

Қармақшы аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Парида Сарыбаеваның айтуынша, баланың бойы 62 сантиметр, салмағы - 5400 грамм.
"Бұл отбасыдағы бесінші бала. Ерлі-зайыптының егізі бар - қыз бен ұл, олар 13 жаста және тағы екі қызы бар. Райхан Әбдірахманова 44 жаста. Ол кесар тілігінен кейін жансақтауда жатыр, нәресте аман-сау, дәрігерлердің бақылауында", - деді ол.

"Бұрын 4 келіден асатын баланың дүниеге келуі біз үшін сирек еді. Ал соңғы жылдары өсу үрдісі байқалады. Осының бәріне қозғалыссыз өмір салты, сондай-ақ жүкті әйелдердің ұн өнімдерін көбірек жей бастауы ықпал етеді", - деді Сарыбаева.
1 желтоқсанда түнгі сағат 00.00-ден бастап осы уақытқа дейін облыстық перинаталдық орталықта 14 бала дүниеге келді, олардың екеуі егіз.