Алматыда Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы 11 қабаттан секіріп кетті

455

Алматыда Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы өз-өзіне қол жұмсады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша, мектепте оқушылар "Гарри Поттер" тақырыбындағы көрініс қойған. Осы кезде сегізінші сынып оқушысы Сергей Ким әзіл ретінде белдемше киген. Оқушының бұл қылығы кураторға ұнамай, ашуын тудырады. Бұдан соң мұғалім оны ұрсып, психологқа сүйреп апарған. Маманмен сөйлескеннен кейін оқушы 11 қабаттан секіріп кеткен. 

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп әкімшілігі болған жағдайды растады. 

“27 қазан күні 8-сынып оқушысы оқудан тыс кезінде жазатайым жағдайға ұшырады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған баланың және басталған тергеудің мүддесі үшін мектеп  қосымша ақпаратты  бере алмайтынын хабарлайды”, – делінген хабарламада. 

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт ҚР ҚК 105-бабы (өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Оқиғаның себебі мен мән-жайы өндіріс барысында анықталады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.