Қызылорда – Астана бағытындағы пойызда әйел өздігінен босанып сәбиін терезеден лақтырып жіберген
Қызылорда – Астана бағытындағы пойызда әйел өздігінен босанып, кейін сәбиін терезеден лақтырып жіберген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жолсерік қансыраған әйелді көріп жағдайды анықтаған. Пойыз елордаға 20 сәуірде таңғы 5-те келуі керек болған. Куәгерлердің айтуынша, Қарағанды станциясынан өткеннен кейін пойыз жолсерігі санитарлық аймақтан қан іздерін көрген. Кейін еденді жуа бастаған. Ол сондай-ақ бүкіл дәретхана қан болғанын және бұл жолаушыларды алаңдатып жатқанын айтқан. Мұны естіген пойыз ішіндегі қыздардың бірі не болғанын анықтау үшін дәретханадан купенің біріне дейін созылған қан ізімен жүреді. Солай купе ішінен көрпеге оранып жатқан әйелді көреді. Көрпені жылжытқан кезде куәгер төсектің бәрі қан екенін көрген. Кейін болған жайтты сұрай бастайды. Әйел пойызда өздігінен босанған болып шықты. Ең қорқыныштысы ол босанған соң баланы тікелей пойыз вагонының терезесінен лақтырып жібергені анықталған.
Дереккөздерге сәйкес, баланың денесі табылған. Өкінішке қарай, нәресте көз жұмғаны анықталған.