Мектеп хатшысын еске алып, ас берген директор жұмыстан шығарылмақ

1 701

Фото: Inform.kzАстанада 20-мектеп директорын мектеп хатшысын еске алып, ас бергені үшін жұмыстан шығармақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Директор 28 наурызда, яғни демалыс кезінде кешкі 18:30-да мектеп хатшысын еске алып, ас бергені анықталды. Мұндай шағым “Жалобы Астана” сайтында пайда болды. Сонымен қатар ол жерде директор мектеп асханасында осындай іс-шараларды өткізіп, кәсіп жүргізуді ойлап жүргені айтылған. 


Дегенмен оқушылардың ата-анасы директорды жақтап, оның жазасын жеңілдетіп, жұмыстан шығармауды сұрайды. 


“Біз – осы мектептің ата-аналары, директорымыздың жұмысына көңіліміз толады және оны жұмыстан шығудан қорғағымыз келеді. Әрине, құқық бұзушылық болғанын білеміз, жоққа шығармаймыз. Қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр, бірақ біз жұмыстан шығармай, дұрыс шешім қабылданса  деп сұраймыз”, – деді олар. 


Олардың сөзінше, білім басқармасы бұл арызды бірден қарап, келесі күні тексеріс жүргізу үшін прокуратура өкілдері келген. Осы тексерістен кейін директор инсульт алып, ауруханаға жатқызылған.