Алматы облысында ер адам кісі өлтіріп, он күн бойы далада жасырынған

310

Алматы облысында адам өлтірді деп күдіктелген ер адам қылмыс орнынан 350 шақырым қашықтықты ұсталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 


7 наурызда Көкжиде ауылының маңында шаруа қожалықтарының бірінің аумағынан 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Полицияның мәліметінше, ол екі рет пышақ жарақатын алған.

"Ер адам шаруа қожалығында атпен жасырынып жүрген. Қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел қызметкерлері оның жүрген жерін анықтап үлгерді. Ол Еңбекшіқазақ ауданында, Іле өзенінің бойындағы Масақ ауылына жақын жерде орналасқан шалғайдағы шаруа қожалығында ұсталды. Осы уақыт ішінде ол 350 шақырым қашықтықтағы қылмыс орнынан қашып үлгерген”, – деп мәлімдеді Алматы облысы ДП баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлердің анықтауынша, ер адамдар спирттік ішімдік ішіп, кейіннен жанжалдасқан. Күдікті қылмысын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.