Семейде 3 жасар бүлдіршін 6-қабаттан құлап мерт болды

259

Семей қаласында 3 жасар бала алтыншы қабаттан құлап көз жұмды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.



ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 27 маусым күні сағат 17-00 шамасында Панфилов көшесінде болған. 6-қабатта орналасқан пәтердегі ашық терезеден 3 жасар бала құлап көз жұмды. Баланың анасы сол уақытта көрші бөлмеде болған.


«Көп жағдайда балалардың терезеден құлау себептері - терезелері ашық үйде қараусыз қалу, терезелерде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы темір тордың және өзге де құрылғылардың болмауы, терезе жанында үстелдің, орындық пен диванның орналасуы. Сондай-ақ қорғаныш болып көрінетін москит торлары да үлкен қауіп төндіреді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Құтқарушылар өңір жұртшылығына қауіпсіздік шараларын үнемі қаперде ұстау керектігін ескертті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.