Үш баланың анасы күйеуін өлтіріп, бөлшектеп тастаған
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Қапланбек ауылында күйеуін аса қатігездікпен өлтірген 34 жастағы әйел 15 жылға сотталды. Әйел былтыр 10 тамызда некедегі күйеуін үйінде өлтірген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Дау TikTok-тан басталған. Анасының айтуынша, 40 жастағы жолдасы әйеліне әлеуметтік желіге видео түсіруге тыйым салып, жанжал туған.
Осылай деп жылаған Тіллайым Молдабекова қызының тұрмысқа шыққалы қорлық көргенін айтады.
Белгілі болғандай 34 жастағы әйел күйеуін өлтіргесін қылмысын жасырамын деп денесін бөлшектеп тастаған екен. Мәйітті бөшкеге салған қылмыскер өтініш жасап, көршісінің көлігімен мәйітті Келес өзеніне апарған. Әйелдің түн ішіндегі бұл әрекетінен күдіктенген көрші үшінші күні бөшкені ашып көріпті. Содан Құндыз Молдабекованың қылмысы әшкере болады. Оған дейін әйел мәйіттің бөлшектенген үш бөлігін өзенге ағызып үлгерген. Сондай-ақ жолдасының көлігін 2 миллион 300 мыңға досына сатыпты. Осылайша Түркістан облысының тұрғыны 99-баптың 2-бөлігі (Адам өлтіру) және 190 баптың 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша айыпталып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
“Біздің бар сұрарымыз қызымның балалары біздің қолда қалса екен. Оларды бұл оқиға болмай тұрып өз тәрбиемізге алғанбыз. Енді бізден айырмаса екен”, – дейді сотталушының анасы Тіллайым Молдабекова.
Айта кетейік, марқұмның туыстары келіндерінің өмір бойына сотталуын сұраған еді. Кешірім бермейміз деген жәбірленуші тарабы балалардың балалар үйіне тапсырылуын да сұраған. Енді балалардың қайда қалатынын Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі шешеді.