Білім басқармасы бастығының орынбасары жауапқа тартылды

1 677

Фото: istockphoto.comШымкент қаласының прокуратурасы қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурстық комиссия шешімінің заңдылығына талдау жүргізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Талдау барысында комиссия құрамының дұрыс құрылмағаны, құжаттардың өтініш берушілердің қатысуынсыз қаралғаны, кәсіпкерлердің құқығын шектейтін негізсіз бас тарту сипатында шешім қабылданғаны анықталды.


Қадағалау актісі бойынша хаттамалық шешімінің күші жойылып, конкурсқа негізсіз жіберілмеген 100 кәсіпкердің құқығы қорғалды.


Заңбұзушылықтарға жол берген білім басқармасы бастығының орынбасары және бөлім басшысы тәртіптік жауапткершілікке тартылды.


Қазір мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша қайталама конкурс өткізілді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.