Алматы әуежайына жолаушы тасудан таксистер бас тартқан

1 503

Фото:© Opennews.kz/ЖИӘуежай аумағында жолаушы түсіру үшін тоқтаған такси жүргізушілеріне жаппай әрі негізсіз айыппұл салынып жатқаны туралы ақпарат тараған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

"Алматылық таксистер әуежайға бойкот жариялап, жолаушыларды ол жаққа жаппай апарудан бас тартып жатыр. Жүргізушілердің айтуынша, олар жолаушыларды әуежайға жеткізіп, кіреберісте оларды түсіру үшін небәрі екі минутқа тоқтайды. Алайда көп ұзамай көлікті дұрыс қоймағаны үшін 21 мың теңге көлемінде айыппұл алады. Таксистердің айтуынша, мұндай айыппұлды қазірдің өзінде жүздеген жүргізуші алған. Осыған байланысты олар наразылық ретінде әуежайға тапсырыс апарудан жаппай бас тарта бастаған. Жолаушы түсірген кезде тағы бір айыппұл алудан қауіптенетінін айтқан"- деді жүргізушілер

Ал Instagram желісіндегі raha_taxsa блогері жүргізушілерге нақты қай жерде және қандай жағдайда айыппұл салынуы мүмкін екенін көрсеткен видео жариялаған. Кейін ол халықаралық ұшу терминалының маңына жолаушыларды түсіруге рұқсат беретін жол белгісі қойылғанын хабарлаған.