Желіде 17 жыл құлдықта болған Құндыздың адам шошырлық фотосы тарады

1 549

Фото: Руслан Өтепбайдың инстаграм парақшасынанЖеліде 17 жыл құлдықта болған Құндыздың адам шошырлық фотосы тарап кетті. Апалы-сіңлілер Назгүл мен Құндыз қазіргі таңда Тараз қаласында тұрады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Апалы-сіңлілердің құлдықтан босауына себепкер болған журналист Руслан Өтепбай жекесіне Құндыздың аяқ-қолы байлаулы жатқан фотосы келіп түскенін айтты. Ол мән-жайды анықтау үшін қыздардың заңды қамқоршысы Зүлфия Төленоваға хабарласты. Алайда ол “байлаған мен емес” деп жауап берді.

“Құндыз әпкесін, Назгүлді ұрған. Ауруы қозып кеткен ғой. Сол кезде байлаған ба, білмеймін. Мен де қазір көріп жатырмын. Үйде Танялар байлаған. Таня — топтағы қыз, сөйлей алмайды. Мен әрі-бері жұмыстармен жүргем. Өзім де қатты ашуланып тұрмын. Шыны керек, Руслан, дүйсенбі күні барып өтініш жазып, өткізем деп отырмын. Рахмет. Шаршадым. Неше түрлі нәрселер шығарып жатыр. Үкіметке өткіземін”, – деді Зүлфия.