83,7 млн-ды жымқырды деп айыпталған облыс әкімінің орынбасары ақталды

380

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев ақталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Әкімнің орынбасары мен шаруа қожалығының директоры бюджет қаржысын талан-таражға салды деп айыпталған болатын.

Облыс әкімнің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев 83 миллион 700 мың теңге көлеміндегі инвестициялық субсидияларды "Бұйырғын" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне заңсыз төлеген.

Прокурор Нұрлыбаевты ҚК 189-бабының 4-бөлімімен (Аса ірі көлемде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) кінәлі деп тауып, 10 жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыруды сұраған болатын. Бірақ Атырау қалалық №2 соты әкім орынбасары мен оның сыбайласын ақтады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.