Жанашыр қазақстандықтар 22 сағат ішінде астаналық панасыз иттер мен мысықтарға баспанаға 10 миллион теңге жинап берді
343
Жанашыр қазақстандықтар небәрі 22 сағат ішінде Нұр-Сұлтандағы үйсіз иттер мен мысықтарға пана болатын баспана сыйлады. Танымал блогердің оқырмандары жануарларға арнап 10 млн теңге жинап берген- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мейірімді жандар" атты клубтың негізін қалаушы, танымал қазақстандық блогер Гүлмира Әбдірашева ветеринарға сапары кезінде бір әйелді жолықтырып, оған көмектесуді шешкен. Блогер Instagram-да парақшасы арқылы үйсіз жануарларды құтқарумен айналысатын зооқорғаушыларға арнап қаражат жинауға көмектеседі. Ол өзі сияқты жануарларға қамқор болып жүрген кісіні жолықтырып, оған қаржылай көмек көрсетуге оқырмандарын тартты.
"Мен оны ветеринарға кезекте тұрғанда көрдім. Арықша келген әйел даланың мысығын тексеруге алып келген. Өзі мысықты қысып ұстап алған. Екеуі де қорқып қалғаны көрініп тұр. Мүмкін олар диагнозды және дәрі-дәрмектің бағасын қорқынышпен күтіп тұрған болар дедім", – дейді Гүлмира Әбдірашева Айгүлмен алғашқы кездесу жайлы.
Айгүл Хасанова "Балто" деп аталатын жануарларға арналған баспананың иесі екен.
Ветеринардың айтуынша, әйел жер үйде тұрады, соңғы уақытта ол жаққа жануарларды жиі тастап кететін болған. Айгүл жануарлар дәрігеріне оларды өз зейнетақысына алып келіп емдейді екен.
“Ветеринарға алдағы емнің ақшасын өзім төлеймін дедім. Әйелге кез келген қалауындағы тағамды ала берсеңіз болады дедім. Ол өте қуанышты еді, тағы бір келі мысық тағамын алды”, – дейді Гүлмира Әбдірашева.
Айгүл Хасанова бұрыннан бері жануарларға қамқорлық танытып, оларға көмектеседі екен. Блогердің көмегі арқылы енді оған басқа да еріктілер қосылды. Осыған дейін оның баспанасы кішкентай жалдамалы пәтер етін, бірақ жақында пәтер иесі орынды босатуды сұраған.
“Айгүлдің салы суға кетті. Ол жалдайтын пәтерде иттер, мысықтар, мүгедек жануарлар тұрады”, – деп Гүлмира оқырмандарынан Айгүлге үй алып беруге көмектесуді сұрады. Блогер оқырмандарынан жоқ дегенде 200-500 теңгеден Айгүлге жинап беруді өтінді.
Бар-жоғы 22 сағатта қазақстандықтар әйелге қажетті соманы жинаған.
“Ешқашан өзіңіздің құндылығыңызға шүбә келтірмеңіз. Сіздер өз басында баспанасы жоқ адамға үй алып бердіңіздер. Енді онда жүздеген сіздерге ризашылығын білдіретін жандар өмір сүреді. Құдай сіздерге риза болсын!”, – деп ризашылығын білдірді блогер.