Ақтөбеде 3 жасар бала жол апатынан қаза тапты

166

Ақтөбе облысында 3 жасар бала жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

8 желтоқсанда Самара – Шымкент автожолында Toyota Camry автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі Хромтау қаласы жағынан Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылы бағытында келе жатып, рөлді басқара алмай, жыраға аударылған.

ЖКО салдарынан жүргізуші Әйтеке би ауданының ауруханасына жеткізілді. Ал 3 жасар бала алған дене жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.

Сот-медициналық және автотехникалық сараптама тағайындалды.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.