"Құны 20 мың": ШҚО-да жалған вакцинация төлқұжатын дайындады деген күдікпен бес адам ұсталды

246
Шығыс Қазақстан облысында вакцинация паспортын заңсыз дайындады және сатумен айналысты деген күдікпен бес адам ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, тәртіп сақшыларының назарына Өскемен қаласындағы емханалардың бірінде қызмет істейтін екі қызметкер мен үш азаматтық тұлға ілінген.

Олар белгіленген ақшалай сыйақыға жекелеген азаматтарға вакцинация процедурасынан өтпей, құжат алуға жағдай жасаған.

Ал өз кезегінде азаматтар жалған құжатты алу үшін делдалдарға 20 мың теңге және жеке куәліктерінің көшірмелерін ұсынып отырған. Оларға медициналық мекемеге барудың тіпті қажеттілігі болмаған. Делдалдардың әрқайсысы өзіне 2-3 мың теңгеден қалдырып, қаржының негізгі бөлігі медицина қызметкерлеріне "жолданып" отырған.

Тергеу қазір бұл схема қай уақыттан бері жұмыс істеп жатқанын және қанша адам жалған вакцинация паспортын алғанын анықтап жатыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.