Қарағандыдағы оқу орындарының бірінің бас есепшісі 90 млн теңгеге жуық қаржы жымқырған

270

Фото: pixabay.comҚарағанды қаласындағы оқу орындарының бірінің бас есепшісі 90 миллионға жуық теңгені ұрлаған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

ҚМА Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері тергеу барысында бас есепші 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың мамыр айына дейін жалақы, денсаулығын жақсарту және уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы түріндегі негізсіз сомаларды өз шотына, есепші, директордың орынбасары, екі өндірістік үй-жайларды тазалаушы және мекеменің бейіндік бағытының бірінің оқытушысына жалақысын аударып отырғаны анықталды. 


Қылмыстық әрекеттен келген жалпы шығын 88 миллион теңгені құрап, 13 миллион теңгесі өтелді.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде»,-делінген хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.