Сәкен Майғазиев ұлының тойына дайындығын көрсетті

2 105

Фото: https://www.instagram.com/saken_maigaziyev/Танымал әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына қалай дайындалып жатқанын көрсетті,- деп хабарлайды "Opennews" ақпарат агенттігі. 

Өнер иесі тұңғышы Әділетті үйлендіріп, жаңаөзендіктермен құда болмақ. 

“Біз тойымызға 2000 адам шақырамыз деп отырмыз. Сенесіз бе? Екі мың адам! Біреуі “келем” дейді, біреуі “көреміз” дейді, біреуі – мүлде үнсіз. Сөйтсек, ең қиын нәрсе – кім нақты келетінін анықтау екен.
“Келесің бе, келмейсің бе – бір ауыз айтсаңшы!”, деп айтқың келіп кетеді. Осы сәтте мен түсіндім: келесі жолы өзім шақырту алсам – бірден жауап берем! Ал сізде қалай болды?! Қонақ тізімін жасағанда қандай қиындыққа тап болдыңыз?!”, – деп жазды әнші.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.