Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыс болды

325
14 маусымда мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде шекарашылар арасында атыс болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы деректер әлі түскен жоқ, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстан тарапының хабарлауынша, таңертең Баткен облысының Бұлақ-Башы ауданында Тәжікстан жағынан «Бұлақ-Башы» шекара заставасы бағытына оқ атылған. Бұған жауап ретінде қырғыз тарапы да тәжік бекеті бағытында оқ атты.

Тәжікстан билігі қырғыз шекарашылары «Кех» заставасына минометтерден оқ жаудырғанын, бұған тәжік тарапы жауап қайтаруға мәжбүр болғанын мәлімдеді.

24.kg ақпарат агенттігінің хабарлауынша, атыс себептерін анықтау және жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін тараптардың шекара өкілдерінің кездесуі өтіп жатыр.

Әзірге қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс тоқтады. Республикалар арасындағы бөлінбеген аумақтар оқтын-оқтын шиеленіс аймағына айналғанын айта кеткен жөн.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.