Қызылордалық ата-аналар тегін үйірмелердің ақылы болуына наразы

1 433

Фото: Қызылорда облыс әкімдігіҚала тұрғындары жыл басынан ашылған тегін үйірмелер ақылы болғандығына наразы, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

«Балалар жылы» қолға алынған бастамалардың бірі тегін үйірмелер болатын. Алайда, кәсіп иелері мемлекет тарапынан қолдау таппаған жобаны жабылу үстінде екендігін айтып, біздің агенттікке хабарласқан болатын. Тегін «ART Sport үйірмелері жабыла ма?» атты мақаламыз жарық көрген болатын. 
Алайда, билік басындағылар үстіміздегі жылы қаржыландырудың болмайтындығын, берілген қаржының жетіспеушілігін алға тартты. Ендігі ата-аналар балаларын ақылы оқытуға мәжбүр болып отырғандығын алға тартты.
Агенттігімізге наразылығын білдірген ата-аналардың бірі: 


«Жылдың басында тегін үйірме ашылған. Домбыра, күй, вокал сынды үйірмелер тегін деп баламызды берген болатынбыз.  Қазақтың ұлттық аспабы домбыра үйренсін деп бергенбіз. Енді 3, 4 ай бойы баламыз едәуір меңгеріп, үйрене бастағанда  ақылы болады дейді. Негізі түпкі саясаттың сондай-ау, бала үйренгеннен кейін ақылы негізге ауыстыру. Тегін деп ашып алып, бала тартып, үйретіп, үйренген бала енді даму сатысына көшкенде ақылы етіп жіберетін. Ата-ана балаларын өздері үшін оқытады деген ой шығар. Біз төлеуден қиналмаспыз, ал көпбалалы отбасылардың балалары ше? Оларға қиынға соғады» , - дейді наразы ата-аналар.


Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ержан Жеткерұлы өнер мектептеріне жобаның жалғасуына облыстық бюджеттен қосымша 2 миллиард теңге сұратып жатқандығын алға тартты.