Мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші ұсталды

1 522

Фото:© Polisia.kzАқмола облысында патрульдік полиция қызметкерлері есірткіге мас күйде ауыр жүк көлігін басқарған жүргізушіні ұстады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана - Петропавл республикалық автожолында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында полицейлер DAF маркалы жүк көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде 36 жастағы жүргізушінің мінез-құлқы күдік тудырып, ол медициналық куәландырудан өтті. Сараптама қорытындысы бойынша ер адамның психостимуляторлық заттарды қолданғаны анықталған. Жүргізуші Петропавл қаласынан Макинск қаласына бағыт алған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мұндай жағдайда бірнеше тонналық көлікті басқару аса қауіпті. Бұл ауыр жол-көлік оқиғаларына әкеліп, өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі мүмкін. Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге көлік құралын алкогольдік немесе есірткілік мас күйде басқару – өрескел құқықбұзушылық екенін, сондай-ақ мұндай фактілер құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында екенін ескертті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.