«Қайрат» футбол клубының Түркиядағы кездесуі жаппай төбелеспен аяқталды

1 384

Фото: ФК "Кайрат"Алматының «Қайрат» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарында босниялық «Борацпен» жолдастық кездесу өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ойын тең нәтижемен аяқталды. Гол соғылған жоқ. Ал матч соңында «Борац» ойыншылары пенальти сала алмай қалды.

Соңғы ысқырықтан кейін алаңда екі команданың футболшылары арасында жаппай төбелес басталып кетті. Бұған «Қайрат» футболшысы қарсыласын баспен соққаны себеп болған.

Айта кетейік, «Қайрат» командасы келесі жолдастық кездесуінде Грузияның су жаңа чемпионы «Иберияға» қарсы ойнайды.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.