Ұялы телефон жұтып қойған ер адам жарты жыл жүрген

320

Египеттің Асуан қаласының тұрғыны ұялы телефон жұтып қойған- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап. 

Ер адам Асуан университеті ауруханасының дәрігерлеріне іші ауыратынын айтып шағымданған. Тексеріс және рентген нәтижесі бойынша оның асқазанында бүтін ұялы телефонның бар екені анықталған. 

Пациенттің айтуынша, ол телефонды жарты жыл бұрын жұтып қойған. Осы уақыттан бері іші ауырып, мазалап келген. Бірақ дәрігер көмегіне жүгінуге ұялған. Ер адам телефонды жұту себебін айтудан бас тартыпты. Асқазандағы телефон қимылдауға және ас қорытуға бөгет жасағандықтан ауру сезімі пайда болған. 

Дәрігерлер оның асқазанындағы телефонды ота арқылы шығарған. Оның қазіргі жағдайы туралы хабарланбаған, бірақ дәрігерлер ер адамның толық айығып кететінін айтады. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.