Әкімдік алдындағы субұрқаққа 10 жастағы бала батып кетті

569

Шымкентте әкімдік ғимаратының алдындағы субұрқаққа 10 жасар бала батып көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бала басқа балалармен бірге Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының бойында орналасқан субұрқаққа ата-анасының қарауынсыз шомылған. Субұрқақ тым терең болып шығып, он жасар бала суға тұншыға бастаған.  


Құтқарушылардың айтуынша, бірнеше бала субұрқақта шомылып жүрген, бала суға тұншыға бастаған кезде достары қорқып, қашып кеткен. Жансыз денені әкімдік маңында болған жол апатына шақырылған полицейлер алып шықты. Жедел жәрдем дәрігерлері баланың жан тапсырғанын хабарлады.


"Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады Шымкент полициясы.


Қалада барлығы 32 субұрқақ бар. Субұрқаққа жүзуге болмайды, бірақ жаздың аптап ыстығында балалар салынған тыйымға қарамастан суға түседі. Тұрғындарға мұндай суға түсудің қауіптілігі туралы үнемі ескертіліп отырады. Нысандардағы су тазартылмаған, тостағандардың ішінде ток өткізгіш сымдар бар болуы мүмкін. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.