Үкімет басшысы облыс әкімінің орынбасарын жауапкершілікке тартуды тапсырды

859
Үкімет басшысы Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарын жауапкершілікке тартуды тапсырды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Инвестициялық штаб отырысында төрағалық еткен   премьер-министр Әлихан Смайылов инвестициялар тарту бойынша 2021 жылы нысаналы индикаторлардың орындалу қорытындысы мен 2022 жылға арналған жоспарлар қаралған болатын. Жалпы алғанда, республикада негізгі капиталға инвестициялар тарту бойынша жылдық жоспар 94%-ға орындалғандығын алға тартты.


 Алайда көрсеткіштің төменгісі  Батыс Қазақстан (69,6%) облысы болса, одан да ең төменгі көрсеткіш біздің өңір, яғни Қызылорда (66,4%) облыстарында тіркелгендігі сөз етілді. Қорытындылай келе, көш соңында жүрген екі бірдей облысқа атап айтқанда Батыс Қазақстан мен Қызылорда облыстарының әкім орынбасарларын жауапкершілікке тарту тапсырылған болатын.


Осы орайда, қоғам белсенділері мен лауазымды тұлғалар өңіріміздің көш соңында тұрғандықтарына наразылық білдіріп, әлеуметтік желі де  пікір білдірген болатын:


«Инвестор тартуға біліктілік керек. Сонымен бірге біздің өңірдегі тұрақсыздық инвестиция салуға сенімсіз. Заңсыз аукцион жариялап жер беріп, кәсіпкерлерді шығынға ұшыратып, оны заңсыз табысталған деп мойындап, кері қайтарып алатын акиматқа қалай сенеді инвесторлар. Шет елден келген инвесторларды ауданнан бастап облыс әкімдігіне дейін босағаға отырғызып, құрмет білдіре алмайтын өңірде бизнес дамыта алмайтынын да сезетін шығар инвесторлар. Өңірге обал болып тұр. Өңірге инвестиция тартпадың, қызметінді дұрыс атқармадың деп бюджет қаржысынан төленіп жатқан айлықтарын қысқартпайды ғой»,- деді Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының эксперті Гаухар Елеусинова.

Енді бірі:

«Кәсіпкермен кездеспейтін, барлық келген қаржыны өзінің тамыр танысына ғана беретін әкім орынбасары Нурлан Тілешев, оған да жауап беретін кез келеді. Кәсіпкерлік сұрақтарын шешуге Әкім соған құзыр беріп қойған, онда ешқандай жариялылық жоқ, сұраған сұраққа жауап бермейді, кәсіпкерді адам деп санамайды»,- деді «Квант» ЖШС Қызылорда механикалық зауытының директоры Жанабай Бекишев.

Ал, облыс әкімі Гүлшара Наушақызы бүгінде үкімет басшысының тапсырмасын орындар ма екен деген сауал еріксіз туындайды. Біле білсек біз облыс басшысы өзінің өмірлік орынбасарына әлі шара көрмегендігін жария еткен болатынбыз.
 

 "СЫБАЙЛАСТЫҚПЕН КҮРЕСУГЕ ӘБДІХАЛЫҚОВАНЫҢ ЕРІК-ЖІГЕРІ ЖЕТПЕЙ ЖҮР МЕ?"

АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ