Қазалыда ардагерлер арасында спорттық сайыс өтті

1 489

Фото: Қазалы аудан әкімдігіБүгін Қазалыда 1 қазан – Қарттар күні мерекесіне орай ардагерлер арасында спорттық шара өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Әйтеке би кентіндегі «Жалаңтөс батыр» атындағы орталық стадионда өткен спорттық шараға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов арнайы барып, қазыналы қарттарға сәттілік тіледі.

- Қадірлі ардагерлер! Сіздердің әрбіріңіздің жүріп өткен жолдарыңыз, еткен еңбектеріңіз – ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Ақылы – дария, білімі – теңіз, өмірлік тәжірибесі мол Сіздерден тәлім-тәрбие алған ұл-қыздарыңыздың өздеріңіз бастаған игілікті істерді жалғастыруда. Міне, бүгін Сіздердің мерейлі мерекелеріңізге орай ардагерлер арасында спорттық сайыс өткізгелі отырмыз. Бұл жай ғана сайыс емес, қазыналы қарттарымыздың арасында белсенді өмір салтын насихаттап, ұрпаққа үлгі боларлық өнегесін дәріптеу.Өткеннің өнегесін өшірмей, бүгіннің берекесін бекемдеп отырған асыл қазына – қарттарымызды ардақтау, құрмет көрсету болып табылады. Баршаңызға бүгінгі сайыста сәттілік тілеймін, - деді Дәурен Оңғарбайұлы.

Спорттық сайысқа аудан бойынша 50-ге жуық қазыналы қарттар қатысып, дойбы, шахмат, мылтық ату сынды спорт түрлері бойынша бақ сынады. Спорттың үш түрі бойынша өзара мықтыны анықтаған ардагерлер жарыс қорытындысы бойынша арнайы дипломдар мен сыйлықтарға ие болды. Спорттық шараның қорытындысы бойынша марапаттау рәсіміне аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жәнібек Алиев қатысып, сайысқа қатысушы ардагерлермен жеңімпаздарға аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаевтың арнайы дипломдарын табыстады.

Айта кеткен жөн, аталмыш жарысты өткізу ауданымызда жыл сайынғы дәстүрге айналған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.