Науқастарға есекпен баратын медбике орденмен марапатталды

271

Өзбекстанда науқастардың шақыртуына есекпен баратын медбике орденмен марапатталды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі rast.kz сайтына сілтеме жасап.


Өзбекстан билігі 54 жастағы медбике Холбика Бобоқулованы ІІ дәрежелі «Саломатлик» орденімен марапаттады.  


Орденмен наградталған медбике Қашқадария облысының Чироқчи ауданындағы Даштқизил қышлағында тұрады. Ол марапатты Наурыз мейрамының қарсаңында алған.


Холбика Бобоқулова 17 жасынан бері медбике болып қызмет етіп келеді. Биыл оның осы саладағы еңбек өтілі 37 жыл болады. Ол ауылдастарының үйлеріне есекпен барып, медициналық көмек көрсетіп, Өзбекстанның өзге өңірлеріне де жақсы танымал болған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.