Өртке оранған көліктің жанынан ер адамның күйік шалған денесі табылды

1 610

Фото: Ашық дерек көзіПавлодардағы аулалардың бірінде өртеніп кеткен көліктің жанынан ер адамның денесі табылды. Құтқарушылар оқиға орнына көліктен өрт шыққаны туралы шақыртуға барған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Құтқарушылардың айтуынша, қоңырау 2 ақпан күні таңғы бес жарымда түскен. Хабарламада Lada Granta көлігі өртенгені айтылған. 

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер көлік маңынан 23 жастағы ер адамның өлі денесін тапты. 

"Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері көліктің жанынан 2001 жылы туған ер адамның күйік шалған мәйітін таптыӨлім себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Көліктегі өрт жарты сағатқа жетпей сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы төрт шаршы метр болды. Қазір өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр. 

"Мәйіт табылғаны туралы факт бойынша материалдар полицияға беріледі", - делінген ведомство хабарламасында.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.