Қаржылық сауаттылықты арттыру маңызды

1 263

Фото: ҚАЖДБүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 37 мекемесінде  кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет аға лейтенанты Замира Бостанованың үйымдастыруымен  лудомания,жеке құрам арасында қызметтік  тәртіп пен заңдылықтың алдын алу тақырыбында жиын өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жиынға арнайы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Майра Оралбаева шақырылды. Жиынды мекеме бастығының орынбасары Мамбетов Абай Әбілқасымүлы ашып, жеке құрамға қызмет барысында тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтап , сыбайлас жемқорлықты болдырмау, заң аясында жұмыс атқару керектігін назарларына жеткізді. Ал әділет аға лейтеганты Замира Бостанова жеке құраммен атқарылған жұмыстарды баяндады.


Жиын барысында Майра Тұрғанбайқызы  заңсыз ойын бизнесі мен интернет ойындарына тәуелділікті болдырмау, қаржы пирамидасының құрбанына айналмау жолдары және қаржылық сауаттылық мәселесі  жөнінде айтып өтті.


Сондай-ақ, қызметкерлерге құмар ойындардың, қаржылық пирамиданың зардабы, қоғамда туғызып отырған проблемалары туралы нақты фактілер келтіріліп, залалдың алдын алу қажеттілігі көтерілді.

Шара соңында департамент маманына қызметкерлер сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.