Аралда 4 жастағы қыздың үстіне түйе құлады
1 420
Аралда 4 жастағы қыздың үстіне түйе құлаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz " ақпарат агенттігі.
Оқиға бүлдіршін әкесімен балабақшадан қайтып келе жатқанда болған. Келе жатқан жануар сүрініп, оларға бар салмағымен құлаған. Салдарынан 4 жастағы қыз бас-ми жарақатын алған. Ер адам зардап шекпеген. Кішкентай қыз шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізілген.
Түйе бар салмағымен қызымның үстіне құлаған. Құдай сақтап, аман қалды. Тамилла ауыр жағдайда болды. Қазір денсаулық жағдайы тұрақтанды. Дәрігерлерге дер кезінде медициналық көмек көрсеткені үшін алғыс айтамын, – дейді анасы Нағима Жұмағалиева.
Диагностикалық тексеру кезінде баланың бас сүйегінде шытынау анықталған.
Бала ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді, құлағынан қан кеткен. КТ арқылы тексеру жүргізілді. Бас сүйегінің самай бөлігінде шытынау анықталды. Мида қан ұюы белгілері жоқ. Облыстық балалар ауруханасының нейрохирургтарымен кеңестік. Консервативті ем ұсынылды, науқас бақылауда, – деді Арал аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бөлімше меңгерушісі Тұрғанбек Ерсеитов.
"Бала тиісті емін алып, үйіне шығарылды" деп хабарлады дәрігерлер.