Анасы қайтыс болған баласының еміне ақша жинаған
Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Арнайы операция аясында қылмыстық схемаларға қатысы бар күдіктілер ұсталды. Бірінші жағдайда Қонаев қаласының 31 жастағы тұрғыны азаматтардың сеніміне кіріп, заңсыз түрде қаржылық пайда тапқан.
Сондай-ақ оның тағы бір өрескел іске қатысы бар екені анықталды – балаға емге қаражат жинау сылтауымен адамдарды алдаған.
Екінші жағдайда 26 жастағы ер адам өзін жүк тасымалдаушы ретінде таныстырып, тауарды жеткіземін деген уәдемен 180 мың теңгені иемденіп кеткен.