50 келі күмісті шекарадан жасырын өткізбек болған тұрғын ұсталды

490
Қазақстан шекарасынан 50 келі күмісті жасырын алып кетуге тырысқан тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 тамызда шекарашылар Жамбыл облысындағы "Қарасу" өткізу пунктінде, Mercedes-Benz маркалы автокөлік салонын тексеру барысында, орындық астынан полиэтиленге оралған күміс бұйымдарды тапқан.

"Бұйымдардың жалпы салмағы 50 келі 516 грамм болған. Алдын ала бағалау құны 16 миллион теңге болды", - деді ведомство өкілі.

Факт біріңғай деректер тізіліміне тіркелді. Айыпталуыш мен контрабандалық жүк Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне іс жүргізу әрекетін жүргізу үшін тапсырылған.