Кафеде тыныштық сақтауды сұраған полицей ауыр соққыдан көз жұмды

1 500

Фото: stan.kz ЖИӨскеменде 4 қазанға қараған түні кафелердің бірінде жанжал болып, салдарынан 40 жастағы полиция қызметкері қаза тапты, - деп  Opennews.kz  ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, келушілердің бірі өзін дұрыс ұстамағаны үшін ескерту жасаған ер адамға дене жарақатын салған. Ол 40 жастағы ер адамды теуіп, соққыдан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған. Тағы бір адам зардап шеккен. Бейнебақылау камераларындағы жазбадан күдіктінің оны басынан ұрғанын көруге болады.

“Қаза тапқан азамат полиция қызметкері болған. Оқиға кезінде ол қызметтік міндетін атқарып жүрмеген”, – делінген хабарламада.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр. Істің мән-жайына қатысты өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.