Теміржол саласының қызметкері жұмыс орнында көз жұмды

1 512

Фото:©www.istockphoto.comМаңғыстау облысында теміржол саласының қызметкері жұмыс орнында көз жұмды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған оқиғаға байланысты мемлекеттік еңбек инспекциясы тексеру жұмысын бастаған. Қайғылы жағдай 5-ші шілде күні сағат шамамен 09:10-да Маңғыстау магистральды  желі бөлімшесіне қарасты №13 разъезде болған. Разъезд бастығы жұмыс орнына келген кезде кезекші қызметкердің мәйітін тапқан. Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырған. Дәрігерлер 1983 жылы туған ер адамның қайтыс болғанын растаған. Қазір аталған дерек бойынша қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті тергеу-тексеру жұмысын жүргізіп жатқандығын хабарлаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.