Мектеп-интернатта сұмдық жағдай: қызды дәретханаға күштеп кіргізген

1 651

Фото: Точка знанийЖеліде мектеп-интернаттағы бір топ ұл баланың қыз баланы күшпен сүйреп, әжетханаға кіргізіп жатқаны көрсетілген бейнежазба тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.  

Оқиға Тараздағы көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арналған Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатта болған. Мекеме директоры бұл дерек туралы уақытында хабарламағаны үшін тәртіптік жауапқа тартылды.

Әлеуметтік желіде тараған видеоға сәйкес, бір топ ұл бала қыз баланы әжетхана кабинасына күшпен кіргізіп, артынан есікті ішінен жауып алғаны көрінеді. Бірақ оған қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық жасалмаған.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, бұл оқиға 5 сәуірде болған. Мектеп әкімшілігі бұл оқиғаны жасыруға тырысқан.

"Мектеп-интернаттың жауапты қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылды. Оқиға туралы құзырлы органдарға уақтылы хабарламағаны үшін мектеп-интернат директоры да Еңбек кодексіне сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, директорға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғау үшін Жамбыл облысы Білім сапасын қамтамасыз ету департаментіне ұсыныс жолданды", – делінген хабарламада.

Облыстық полиция департаменті тиісті бейнежазба жарияланғаннан кейін тексеріс жүргізілгенін мәлімдеді. Құзырлы орган оқиғаға құқықтық баға беретін болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.