НӘЛІБАЕВТЫҢ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

1 737
Бүгін облыс  әкімінің Қызылорда халқымен кездесуі болып өтті. Алайда кездесу барысында халық санынан шенеуніктердің саны көп болды,-  деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Арнайы кездесу кестесімен жүрген облыс әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлының сыр жұртшылығымен  әкімдік тағына сайланғалы алғашқы кездесуі. Қала орталығында орналасқан түрлі мәдениет үйі мен кең сарайдай драма театрда емес аядай  «Достық» үйінде ине шаншыр жер болмады. Әрине қара халықтың қарасынан шенеуніктер мен сала басшыларының саны көп. Бұл жөнінде өңірлік тәуелсіз журналисттер бірі Үйтолған Жареке өзінің әлеуметтік желідегі Facebook  парақшасында 
«Ұйымдастырушы аппараты мен басқарма аймақ басшысының алғашқы кездесуінің берекесін қашырды. Қалада 450 мыңдай тұрғын бар, шамамен. Ал әкімнің кездесуін 200 орындық залға ұйымдастырған. Театр тұр, Тоқмағамбетов тұр. Достық үйінің құрқылтайдың ұясындай залына күндері қарапты. Оның жартысы басқарма қызметкерлері, сала басшылары, депутаттар, түрлі кеңестің мүшелерімен толды. 09.30 да барғанымның өзінде орготделдың балалары басшылар отырады деп жолатпай, көктігіммен отырдым.»,- деп жазба қалдырған болатын.

Расында, санаулы уақытпен белгіленген кездесудің басталуынан бітуі тез болғандай-ақ. Сыймаған жұрт иіріліп сыртта тұр. Ең қызығы аймақ басшысының қала халқымен кездесуінде залды толтыру міндеттелген іспеттес. Бұқараның ішінен сұрақ қоямын деушілер табылғанымен уақыт тығыздығын алға тартқан қоғам қайраткерлері кездесуді аяқтауға асықты.  Ең сорақысы сыймаған халық, облыс әкімін даладан жолықтырмаққа бел буған. 
Сонымен қатар, аймақ басшысының республикалық деңгейде тұрған шырмауы шешілмеген мәселенің бірі Шыны зауытының өнімі жыл соңына дейін жарық көреді, жергілікті халық жұмысқа тартылады деп сендірді. 



Айта кету керек, әкім болып тағайындалғанына небәрі үш айға жуық уақыт болса да,  қыруар қаржының сыртқа кетуіне тосқауыл болдым деген аймақ басшысы бұрыңғы әкімдік тарапынан кеткен қателектердің бар екендігін де жасырмады. Атап айтқанда, облыс мұғалімдеріне 12 млрд. теңге,  ал дәстүрлі ART спортқа, яғни балалардың тегін үйірмелері үшін 2 млрд. 600 мың теңге   қарызы және де Наушақызының  негізсіз жұмсаған қаржылар мен үкімет тарапына кері қайтарылған қаржылардың бар екендігін де  атап өтті. 
 «Достық» үйіне келгенімен әкіммен кездесуге кіре алмай, есік алдында торуылдап жүрген халық  әлеуметтік желіде  жарыса жазуда. 


АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ