Facebook пен Instagram балаларға зиян келтіріп жатыр деп айыпталды

287

АҚШ-тың сегіз штатының тұрғыны Meta корпорациясының үстінен Facebook пен Instagram балаларға зиян тигізіп жатқанын айтып, федералды сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды The Register басылымына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Техас, Теннесси, Колорадо, Делавэр, Флорида, Джорджия, Иллинойс және Миссури штаттарының федералды соттарына шағым жіберілді. Ата-аналар Meta әлеуметтік медиа платформалары балалар мен жасөспірімдер тарапынан тәуелділік тудыратындай етіп жасалған деп топшылайды. Айтуларынша, компания балалардың тамақтану жүйесінің бұзылуы, суицид, депрессия және ұйқының бұзылуы қаупін арттыратын контент қарауына себепкер.

"Жастар арасында әлеуметтік медианы пайдалану елдегі психикалық денсаулық дағдарысының негізгі факторы ретінде қарастырылуы керек", – деді Энди Берчфилд, істі қарастырып жатқан адвокат.

Оның пайымдауынша, қосымшалар кез келген қауіпті алдын алу үшін жасалуы керек еді, бірақ оның орнына корпоративтік пайда үшін жасөспірімдерді агрессивті түрде өздеріне жинап жатыр. 

"Бұл компанияның әлеуметтік медианың біздің қоғамның ең осал бөлігіне, жеткіншектерге, олардың психикалық денсаулығы мен әл-ауқатына зиянды әсер еткенін мойындайтын, сондай-ақ осы ретте алгоритмдер мен бизнес мақсатын өзгертетін уақыты келді", – деді Берчфилд.